Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Мамыр айының алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мамыр айының алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтардың таулы өңірлерінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 2 мамыр күні республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, сол сияқты бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.