Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева туған күн кешінде көзге түсті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлия Назарбаева белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күн кешіне келген.
Танымал қазақстандықтар жиналған туған күннің суреттері мен видеолары желіде пайда болды.
- Арнайы қонақ – Әлия Назарбаева мен өзге де танымал қазақстандықтар, деп жазды әнші Ержан Нұрғалиев.