Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Qazaq Bank акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты іс жабылды

Қазақстандық кәсіпкер, Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.

Qazaq Bank акционері Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты іс жабылды
фото: qov.kz

Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын жүргізді.

Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. 

«Жүргізілген тергеу іс-шаралар кешенінің қорытындысы бойынша ҚР ҚК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы бекітті»,- деп хабарлады ведомстводан.