Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Астанада LED экранда Украина туы көрсетілді: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-ға қатысты оқиға бойынша Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада LED экранда Украина туы көрсетілді: ІІМ қылмыстық іс қозғады
фото: видеодан скриншот

Ақпаратқа сәйкес, қазір оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен құрылғының жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

«Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, – делінген хабарламада. 

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мәліметінше, шабуыл прокси-серверлерді қолдана отырып, шетелдік IP-мекенжайлардан жасалған. Бұл ретте компания әсер ету көзін және пайда болу тетігін айқындау бойынша техникалық іс-шаралар кешенін жүргізетінін мәлімдеді