Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мәжіліс депутаты Перизат Қайраттың ұсталғанына қатысты пікір білдірді

Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Елнұр Бейсенбаев Biz Birgemiz қайырымдылық қорына қатысты пікір білдіріп, қордың партияға қатысы барын жоққа шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz HalyqUni-не сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Перизат Қайраттың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
фото: parlam.kz

Бұған дейін аталған қордың құрылтайшысы Аманат Перизаттың ұсталғаны хабарланған. Оған 1,5 млрд теңге жымқырды деген айып тағылып отыр.

«Тергеудің аяқталғанын күту керек. Сома да қомақты. Әрбір қайырымдылық қорының басшысы халықтан келген әрбір теңге үшін жауапты. «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының AMANAT партиясына қатысы жоқ. Қордың қамқоршылар кеңесінде жас волонтерлер болды. Бұл 3 жыл бұрын болған оқиға. Қазір олар белгілі бір жетістікке жетіп, кейбірі партия құрамына кірді, лауазымдарға ие болды. Ол кездегі жас балаларды волонтер, белсенді азаматтар ретінде білемін. Пандемия кезінде біз 600 мың азаматқа көмектестік», - Елнұр Бейсенбаев. 

Депутаттың пікірінше, қайырымдылық қорларының жұмысына тыйым салудың қажеті жоқ.

«Біз олардың ашық әрі әділ жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Әрине, халықтың сенімін қоғамда пайдаланатындар жоқ емес. Бұл осы қорға қатысты ғана мәселе емес. Ондайлар көп. Барлығын тексеріп, ретке келтіру керек. Өзім қайырымдылық қорларына көмектесіп тұрамын. Бірақ «Біз біргеміз» қорына ақша жібермедім. Біз су тасқыны кезінде (зардап шеккендерге) партияның атынан көмектестік», - деді депутат. 

Еске салсақ, Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс депутаты болғанға дейін AMANAT партиясының жастар қанатының жетекшісі қызметін атқарған болатын.