Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 06.12.2025 16:17 Обновлять, 07.12.2025 19:57

Тұрғын үй кешені күзетшісінің өлімі: тергеу қайта басталды

Алматыдағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет басып өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта басталды.

Тұрғын үй кешені күзетшісінің өлімі: тергеу қайта басталды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу басқармасы адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу сот-психиатриялық сараптамаға байланысты тоқтатылған болатын. Қазір өндіріс қайта басталды.Қажетті сараптамалар тағайындалды.Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданады»,- деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін прокуратура сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысы негізінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 511-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес, күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық орталыққа жатқызылғанын мәлімдеген еді.

Осыған байланысты соталды тергеп-тексеру мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 45-бабы, 7-бөлігі, 4-тармағы негізінде тоқтатылды.