Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік өткізу бекеті бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды paryz.kz.
ҚХР-дың құрылған күнін мерекелеуге байланысты биыл 1 қазаннан 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу пунктерінде адамдар, көліктер мен жүктер өткізілмейді, - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.
Қазақ-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығы енгізілген шектеулерді ескеріп, маршрутын алдын ала жоспарлауға тиіс.