Өзінің ішкі ағзасын сатпақ болған ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ақтөбе облысының прокуратурасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында ер адам өзінің ішкі ағзаларын сатқысы келгенін анықтады.
25 қыркүйекте прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзасын 9 млн теңгеге заңсыз келісім жасау арқылы сатпақ болған ер адамды ұстады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.