Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Жоғарғы сот хиджабтағы қыздардың құқығын қорғады

Жоғарғы сот мектепте орамал тағу мәселесіне нүкте қойды. Бұл туралы құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жоғарғы сот хиджабтағы қыздардың құқығын қорғады
фото: Azattyq Ruhy

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі мектепке тек бірыңғай формамен бару керектігін айтқан болатын. Себебі оқушылардың сабаққа киетін киіміне қатысты нақты бұйрық бар.

Алайда былтыр діни наным-сенім ұстанымындағы бірнеше ата-ана хиджабтағы жүздеген баланы мектепке жібермей қойды. Осыдан кейін бір топ құқық қорғаушы министрлік шектеуінің заңсыз екенін дәлелдеуге кірісті. 

Жоғарғы сот мұндай шектеулер балалардың білім алу құқығын бұзады деген шешім шығарды, - деп жазды адвокат Жаслан Айтмағанбетов өзінің Instagram-дағы парақшасына. 

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. 

«Шешім қабылданды. Қаулы 10 жұмыс күні ішінде шығарылады», - деді ведомство өкілі.