Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Астанада 2 жылдан бері жасырын жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды

Елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде.

Астанада 2 жылдан бері жасырын жұмыс істеген майнинг фермасы анықталды
фото: видеодан скриншот

Күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласының аумағында ай сайынғы электр қуатын тұтынуы мегаполистегі бір тұрғын алабының қажеттілігімен парапар болатын, қозғалтқыштарды өңдеу орталығының түрінде жасырылған майнингтік ферманың қызметін ұйымдастырған. Аталған кезеңде өндірілген заңсыз цифрлық активтердің құны 143 млн теңгеден асқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді.

Бұдан басқа олардың электр энергиясы үшін 25,3 млн теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды. ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.