Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Ринат Зайытов: жетім балаға күніне 1066 теңге бөлінеді – бұл оған қалай жетеді

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов жетім балалардың жағдайына байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сұрақ қойды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Ринат Зайытов: жетім балаға күніне 1066 теңге бөлінеді – бұл оған қалай жетеді
Фото: parlam.kz

Мәжілісте министрліктің өкілдері Қазақстанда 22 мың жетім бала барын хабарлаған. 

«Биыл қанша жетім бала пәтермен қамтылады? Нақты снадармен жауап берсеңіздер. Өйткені жыл сайын жетім балалар пәтерінен айырылып қалады. Ала алмай қалады. Тентіреп есіктерді тоздырып жүреді. Гранттарыңыз бойынша. Мүгедектігі бар адамдарға 1,2 млн теңге грант береміз дейсіздер. Бірақ беретін грантты 500 мың теңге пара бермесе тағы жоқ. Оған да нақты дәлелдеріміз бар. Сіздер тараптан ешқандай жауап жоқ», – дейді депутат.

Ринат Зайытов өтемақы жайлы да айтты. 

«Айды аспанға шығарғандай айғайлап айтасыздар. 21 мың теңгеден 32 мың теңгеге дейін өсірдік дейсіз. Максималды түрде алайыншы, адам ретінде сұрайыншы: 32 мың теңге күніне шағатын болсаң, 1066 теңге болады. Көпбалалы әке ретінде қояйын. Екі жасар балаға күніне 1066 теңге қалай жетеді? Министрдің орынбасары, комитет басшылары отырсыздар ғой осы жерде», – деп сұрады Ринат Зайытов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин бұл сұраққа жауап бере алмады. Кейін жазбаша жауап беруге уәде берді.