Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыда ер адам мәйітханадағы өлген адамдарды зорлаған

Әлеуметтік желіде Алматыда некрофилдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Алматыда ер адам мәйітханадағы өлген адамдарды зорлаған
Фото: t.me/kozachkow

Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Ер адам изоляторға қамалды. ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді Алматы қаласы полициясында.