Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 18.07.2024 12:00 Обновлять, 18.07.2024 13:25

Су тасқыны: Ақтөбенің Нұра ауылы екі аптадан бері суда тұр

Ырғыз ауданы орталығынан 90 шақырым қашықта орналасқан Нұра ауылының халқы 12 сәуір күні көшірілді. 

Су тасқыны: Ақтөбенің Нұра ауылы екі аптадан бері суда тұр
Фото: Алтынай Сағындықова

Мұнда 14 сәуір күні бөгеттер бұзылып, ауылға су кірді. Содан бері екі апта өтті. Су деңгейі шамамен 3 метрге жеткен. Kazinform тілшісі ауылдың қазіргі жай-күйімен танысып, халқымен тілдесіп қайтты.

- Нұра ауылында туып өстім. 1974 жылдан бері осы үйде тұрдым. Өзім үйді жөндедім. Басында шағын үй болды. Кейін кеңейтіп, былтыр газ кіргіздім. Су кіріп жатқанда бір келіп кеттім. Ол кезде су деңгейі белуардан келді. Қазір көтеріліп кеткен. Бәрі үй ішінде қалды. Негізі 24 наурыздан бастап дайындық күшейді. Бөгет салдық. Ал су 14 сәуір күні кіріп кетті. Ескерту үшін мектептегі дабыл жүйесін қосты. Себебі екі жақта бөгет бұзылды, - деді ауыл тұрғыны Бөкенбай Қарин.