Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 18.07.2024 12:00 Обновлять, 18.07.2024 12:29

Ақтауда ер адам әйелін аяусыз ұрып-соқты (ВИДЕО)

Ақтауда ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз ұрып-соқты. Аталған оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтауда ер адам әйелін аяусыз ұрып-соқты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, ер адам әйелінің қолын қайырып, қолымен аузын жапқан. Олардың жанында екі кішкентай бала тұр. Ер адам жақын маңда бөтен адамдардың жоқтығына көз жеткізу үшін әйелін босатып, жан-жағына қараған. Ешкім жоқ екенін көрген ол әйелін одан әрі сабамақ болғанда, жандарынан бір адам өткен. Сол сәтте әйел күйеуінің соққысынан босап, лифтіге кіреді. Артынан қуып жеткен күйеуі оны лифтіде де ұрып-соққан. Осы сәтте тағы бір тұрғын келіп қалып, әйел күйеуінен лифтіден шығарып жібергенін байқауға болады. 

Облыстық полиция департаменті күдікті ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 15 сәуірінде мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойды.