Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Петропавлда 1 600-ден аса үй су астында қалды

Сергеев су қоймасында аққан судың ең жоғары көрсеткіші 425 см болды. Бірінші толқын өткеннен кейін ол 250 см-ге дейін азайды. Екінші толқынның келуіне байланысты су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қазір су деңгейі – 265 см.

Петропавлда 1 600-ден аса үй су астында қалды
фото: СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласындағы жағдай қиын болып тұр.

Қызылжар ауданының елді мекендері мен облыс орталығы аудандарының бір бөлігінде су тасқыны болды. Петропавл қаласы бойынша 1 626 үй, Қызылжар ауданында 1 212 үй су астында қалды.

Күш пен қаражат жеткілікті. Оның үстіне, бүгін қалқымалы понтондары бар инженерлік әскер көмекке келді, – деді ол.

Қазір басқа өңірлерде де елді мекендерді су басу қаупі бар. Мысалы, тасқын Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қауіп төндіріп тұр. Қазір ол жерде жағаны нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ақтөбе облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Әсет Айтжановтың айтуынша, Ырғыз ауданы бойынша 5 елді мекенде, атап айтқанда, Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерінде су басу қаупі бар.