Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 18.07.2024 12:00 Обновлять, 18.07.2024 13:36

Көкшетау қаласында Төтенше жағдай жарияланды

Көкшетауда Қылшақты өзенінің арнасынан асып, тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, көшелер мен үй аулаларын су басуына байланысты Төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Көкшетау қаласында Төтенше жағдай жарияланды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Су тасқынынан келтірілген залалдарды жою бойынша жедел штаб құрылды.

«Көкшетау қаласында қалыптасқан жағдайға байланысты, яғни Қылшақты өзеніндегі судың деңгейі шамадан тыс көтерілуі тұрғындардың өмір сүруіне қолайсыздық туғызды. Жағдайды тұрақтандыру үшін Төтенше жағдай енгізілді. Соның шеңберінде келтірілген шығын көлемі анықталып, комиссия арқылы материалдық көмек мәселесі шешіледі. Су тасқынынан келтірілген залалдарды жою бойынша жедел штаб құрылды. Су басқан аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, қазіргі кезде 100 жуық адам арнайы дайындалған орындарға орналастырылды. Жерлестеріме жағдайды түсінгеніңіз үшін және су тасқынына қарсы күресте қолдан келгенше көмек көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын», -  деді қала әкімі Бауыржан Ғайса.