Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қарағандыда оқушыларды атып өлтіретінін хабарлаған адам ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады, деп хабарлады Paryz.kz.  

Қарағандыда оқушыларды атып өлтіретінін хабарлаған адам ұсталды
фото: Halyq Uni

Облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен атқарылған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде облыс мектептерінде оқушыларды атамын деп хабарлама таратқан Telegram арнасының әкімшісі әрі авторы ұсталды.

Анықталғандай, Қарағанды қаласының 13 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіден терроризм тақырыбындағы ақпаратты көріп, «Очищение Караганды» деген атаумен өзінің Telegram арнасын құрған. Сол арқылы жасөспірім облыс төңірегіндегі мектептерде терроризм актісінің дайындалуы туралы ақпарат таратқан.

Қазір Telegram арнасы өшірілді. Полиция қызметкерлері бұл қылмысқа шетелде жүрген адамдардың қатыстылығын тексеріп жатыр. Полиция органдары шұғыл қызметтердің шығыны үшін залалды өтеу бойынша сотқа талап-арыз береді, – делінген хабарламада.

Баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.