Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Ертіс орманы» басшысының пара алғаны анықталды – Антикор

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен орман шаруашылығын қорғау саласындағы жүйелі жемқорлықты анықтау шеңберінде «Ертіс Орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерватының басшысы тарапынан пара алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz Антикорға сілтеме жасап.

«Ертіс орманы» басшысының пара алғаны анықталды – Антикор
Фото: freepik.com

Оның іскерлік орманның ағаштарын заңсыз кесіп, сатқан кәсіпкерлерден пара алғаны анықталды.

Осы жылдың 26 қаңтарында тергеу сотының санкциясымен Резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сонымен қатар, Резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған.

Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.