Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Сабақ кезінде оқушылардың телефон ұстауы шектелуі мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы талқыланды. Заң жобасы жайлы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Сабақ кезінде оқушылардың телефон ұстауы шектелуі мүмкін
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев

«Ата-аналардан көп түсетін шағымның бірі – оқушылырдың бағалары мен үй тапсырмаларына тегін қол жеткізу мәселесі.  Бұл тақырыпта бірнеше депутаттық сауалдар жарияланған болатын. Осыған орай, заң жобасында оқушылардың бағалары мен үй тапсырмалары түралы ақпаратты ата-аналарға тегін беру туралы нақты міндеттер белгіленіп отыр. Ұстаздармен болған кездеулерде түскен тағы бір мәселе оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануы және оған тыйым салу бойынша заңнамада нақты шектеулердің болмауы. Осыған орай, сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы аранайы норма да жобаға енгізілді», - деді Аймағамбетов.

Депутат атағандай, заң жобасын қабылдау білім беру саласындағы және жетім балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді

Бұл мәселеге қатысты депутат Ардақ Назаров та пікір білдірді. Ол оқушылардың мектепте телефон қолдануына мүлдем тыйым салу туралы айтты.

Бұл мәселеге қатысты Асхат Аймағамбетов жауап берді.

«Біздің ұсынып отырған нормамыз тек сабақ кезінде шектеу туралы болмақ. Мектепке телефонды алып келіп үзілісте оны қолдануға шектеу жоқ. Үзілісте қолданамын десе, қолданады. Тек сабақ үстінде қолданбауы керек, сабақ кезінде бала тек сабақ оқуы керек. TıkТok пен Instagram-да отырып басқа дүниелермен айналысуға нақты шектеулер қойылып отыр. Ал шектеудің ішінде егер мұғалім сабақ жоспары бойынша рұқсат етсе дегенді енгіздік. Неге? Себебі қазір заманға сай білім беретін мұғалімдер бар. Олар сабақта инновациялық технологияларды қолдану үшін смартфонды қолданғылары келсе, онда шектеу жоқ. Ал жалпы мектепте шектеу мәселесі әлі қарастырылған жоқ. Ол қосымша ұяшықтарды, материалдарды қажет етеді. Сондықтан біз бұл мәселені қарастырып отырған жоқпыз», - деді Аймағамбетов.