Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақтауда мектеп оқушысы мен мұғалім арасындағы жанжалдың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Ақтау мектептерінің біріндегі мүғалім мен оқушы арасында болған жанжалдың видеосы тарады. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Ақтауда мектеп оқушысы мен мұғалім арасындағы жанжалдың видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

Lada.kz жазуынша, жанжал 8-сынып оқушысының мектепке өрмекші бейнеленген маска киіп келіп, оны сабақ үстінде шешпеуінен басталған.

Білім басқармасы хабарлағандай, мұғалім талапты орындамаған оқушыға кабинеттен шығуды бұйырады, алайда оқушы оған қарсылық таныта бастаған. Видеодан мұғалімнің оқушыға қол көтермегені туралы айтқанын естуге болады.

Полицейлер оқиғаның 16 қазанда 14-шағынаудандағы №1 мектепте болғанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша учаскелік инспекторлар жасөспірімнің ата-анасын анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Полицейлер мұғалім тарапынан арыз түспегенін айтты.