Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Новости Казахстана бүгін, 17.07.2024 12:32 Обновлять, 18.07.2024 09:06

Шымкентте ер адам полицейге пышақпен шабуылдаған (ВИДЕО)

Шымкентте үй иесі мастықпен учаскелік полицейге пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте ер адам полицейге пышақпен шабуылдаған (ВИДЕО)
Фото: kaz.nur.kz

Полиция мәліметінше, 6 қыркүйекте кешке Әл-Фараби аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы отбасылық жанжал туралы шақырту түскен мекенжайға барған. Жергілікті тұрғын өзін күйеуінің ұрғанын жеткізген. Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесін көреді. Пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған. Полиция қызметкері қаскүнемді әріптесінің көмегімен қарусыздандырады.

Аталған жайтты тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі («Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану») бойынша тіркеді, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті 2015 жылы осы баптың бірінші бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар бұрын әйелінің денсаулығына зиян келтіргені үшін әкімшілік қамауға алынып, полицияның есебінде тұрған. Ер адам қазір қамауда.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.