Жаңаөзенде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ауыр халде жеткізілген екі науқас – 1972 және 1977 жылы туған ер адамдар қайтыс болған.
«Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз», - делінген облыстық аурухананың хабарламасында.