Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда қысқы дизельдің бағасы 650 теңгеге жетті

Оралда қысқы дизельдің бағасы 650 теңгеге жетті деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Оралда қысқы дизельдің бағасы 650 теңгеге жетті
фото: ашық дереккөзден

Қыс түсіп, күн суытса құрылыс компаниялары мен коммуналдық кәсіпорындардағылардың уайымы күшейеді. Өйткені арнайы техниканың бәрі дизельмен жүреді. Ал қысқы дизельдің литрі қазір 650 теңге. Кәсіпорындардың шығыны еселеп өсті.

Жанармайдың қымбаттауы коммуналдық мекемелерге де кесірін тигізеді. Мәселе тез шешілмесе, өңірдегі жолаушы тасымалы қиындайды. Өйткені автобус атаулы дизельмен жүреді.

Кәсіпкерлер тығырықтан шығу үшін тарифті өсіру керек дейді. Бірақ құзырлы органдардың бағаны өзгертуге келісуі үшін кемінде бір жыл кетеді. Ал ол кезде дизельдің тағы да қымбаттап кетуі мүмкін. Бірақ шенеуніктер мұнымен келіспейді.

Қазір Оралда жазғы дизельдің өзін таппайсыз. Қаладағы жалғыз жанармай құю бекетінде тек қысқы солярка сатылып жатыр. Қысқы дизель тек Ресейде өндіріледі дегенді алға тартқан шенеуніктер, отын бағасының қымбат болуы рубль бағамына байланысты екенін айтады.