Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

АЭС салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ - министр

Ол туралы зерттеулер жүргізіліп жатыр. 

АЭС салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ - министр
фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Ол туралы министр Нұр-Сұлтанда өткен "Париж келісімінің мақсаттарына жету жолдары мен Қазақстанның көміртекті бейтараптығы" конференциясы аясында мәлімдеді. 

Жалпы алғанда, АЭС туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Зерттеулер жүргізілуде - коммерциялық, техникалық, қажеттілік жағын қарастырып жатырмыз, – деді Энергетика министрі.

Қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергиясын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.