Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Мұны тегін-ақ салып беремін»: Айнұр Тұрсынбаева ұлының үйіндегі картинаға шүйлікті

Ақын әрі психолог Айнұр Тұрсынбаева ұлы мен келінінің үйіне қонаққа барып, 400 мың теңгеге сатып алынған картинаны сынға алды. Өнер иесі суреттің құнын ақтамайтынын айтып, өз пікірін әзілмен жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мұны тегін-ақ салып беремін»: Айнұр Тұрсынбаева ұлының үйіндегі картинаға шүйлікті
Фото: әлеуметтік желіден

Айнұр Тұрсынбаева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында айтты.

Оның сөзінше, келіні Мадина қонақтарға арнап балық дайындаған. Алайда үйдегі картина ақынның назарын аударған. Ол туындының 400 мың теңгеге сатып алынғанын естіп, таңданысын жасырмады.

«Мына картинаны 400 мың теңгеге сатып алыпты. Қараңыздаршы, мен мұны тегін-ақ салып беремін ғой. Ортадан бір сызық сыза салған. Мынау не пәле? Өрескел! Мынау қап-қара кір ғой. Қай жерден тау көріп тұрсың? Бұл менің екі алып жүргенде сурет сабағында салған тауларым ғой. Беглан, біртүрлісің. Жалғыз мен бе өнерді түсінбейтін?» – деді ол.