Димаш Құдайбергеннің Мексиканың Мерида қаласындағы концерті ерекше әсерге толы болды. Мыңдаған жанкүйер әншімен бірге қазақша ән шырқап, оған ыстық ықыласын білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Әсіресе «Aqerke» әні орындалған сәтте Dears қауымдастығының мүшелері ақ қағаздан жасалған жүрекшелерді әуен ырғағымен тербетіп, ерекше көрініс ұйымдастырды.
Концерттің тағы бір әсерлі сәті — Қазақстан мен Мексика туларының қатар желбіреуі болды. Димаш «Ұмытылмас күн» әнін орындау кезінде көрермендердің ықыласына алғыс білдіріп, екі ел арасындағы достықтың белгісі ретінде қос мемлекеттің туын жоғары көтерді.
Көрермендер «TAU ISHSINDE» әнін де Димашпен бірге орындады. Әнші жанкүйерлеріне алғысын айтып, оларды Қазақстанға қонаққа шақырды.