Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Менің қызымда несі бар?» Дариға Бадықованың анасы қызын Олжас Абайдан қызғанғанын айтты

Актриса Дариға Бадықованың анасы қызының қазіргі күйеуі Олжас Абайдан алғашында қызғанғанын айтты. Ол бұл туралы Жетінші арнаға берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Менің қызымда несі бар?» Дариға Бадықованың анасы қызын Олжас Абайдан қызғанғанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, теледидардан қызы мен Олжастың бірге ән айтып тұрғанын көргенде қызғаныш сезімі болған.

«Теледидардан екеуінің бірге өлең айтып тұрған кезін көргенде, өз қызымды Олжастан қызғандым. Шын айтам. “Менің қызымда несі бар мынаның?” деп ойладым», – деді ол.

Сондай-ақ Дариға Бадықованың анасы жұрттың екеуін жиі қосақтап жүргенін айтып, қызы мен Олжасқа шаңырақ көтеруге өзі де кеңес бергенін жеткізді.

«Үйленетіндерінің алдында мен айттым: “Қызым, жұрттың бәрі шуылдап, сендерді қосып жатыр ғой. Неге үйлене салмайсыңдар?” дедім. “Қосылсаңдар, қосылыңдар” дедім. Мен ешқандай жаман ойға келген жоқпын. Бақытты болыңдар деп батамды бердім», – деді актрисаның анасы.