Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды»: Жахан Отарғалиевтің әйелі жан сырын ақтарды

Жахан Отарғалиевтің әйелі Сейіт Ақтолқын көптен күткен сәбиінен айырылғанын айтты. Оның сөзінше, жүктілік кезінде баланың жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады paryz.kz.

«Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды»: Жахан Отарғалиевтің әйелі жан сырын ақтарды
Коллаж: paryz.kz

Ақтолқынның айтуынша, көпшілік әзілкештің видеосын соңына дейін көрмей, ерлі-зайыптыны құттықтауға асыққан. Алайда олардың қуанышы ұзаққа созылмаған. Өкінішке қарай, сәбиінің жүрегі тоқтап қалған.

«Көбі Жахан жариялаған видеоны соңына дейін қарамай, құттықтауды бастап кетіпті. Өкінішке қарай, бәрі біз ойлағандай болмады. Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды. Бірақ барлығы Алланың қалауымен. Бұйырса, әлі талай армандарымызға жетеміз. Алладан үмітіміз үзілмесін», – деп жазды ол.