Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Блогер Ырысбала Икрамбай інісінің тойында қонақтарға ақша шашты

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай інісінің үйлену тойында келіннің беташар рәсіміне қатысты. Ол салтанатты сәтте қонақтарға ақша шашып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды paryz.kz.

Блогер Ырысбала Икрамбай інісінің тойында қонақтарға ақша шашты
Фото: видиодан скриншот

Блогер бұл қуанышты сәттен әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Сондай-ақ беташар рәсімін жүргізген ақынға алғысын білдірді.

«Беташар! Жандарбек Бұлғақов ерекше өнерін сыйлайтын, орақ тілді, от ауызды ақын азамат келініміздің бетін керемет етіп ашты! Мың алғыс, досым! Алла разы болсын!» – деп жазды Ырысбала Икрамбай. 

Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі блогердің әрекетін қазақы дәстүр мен ағайынға деген құрметтің көрінісі ретінде бағаласа, енді бірі түрлі пікір білдірді.

«Молодец, Ырысбала! Інісінің қуанышында үлкені екенін көрсетіп, шын көңілден шашу шашып жатыр. Жұғысты болсын! Алла бізге де осындай әпке болуды нәсіп етсін», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман жастарға бақыт тілеп, өзі де болашақта осындай қуанышты күнді бастан өткеруді армандайтынын жеткізді.