Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды paryz.kz.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист. Ал еңбек жолын 1994 жылы бастаған.