Прямая трансляция

Астана

Астана

27.17°C

Алматыда Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы салынады

Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы Алматыда салынады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдауында айтты, деп хабарлады Ақорда.

Алматыда Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы салынады
Ақорда

Тоқаев Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы құрылысының жобасын бірлесе әзірлеу туралы келісімді құптады.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нысан ұлттық энергия жүйесін нығайта түседі. "Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны СССС компаниясына еншілес China International Water & Electric Corporation кәсіпорнының қатысуымен Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде салу жоспарланып отыр", - дейді Ақорда. ЮСондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Мемлекет басшысы елде біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі инфрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгінде сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылғанын айтты. 

"Тоқаев Бақты – Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құрудың маңызы айтылып, энергетика саласындағы келешегі зор бастамалар талқыланды.