Прямая трансляция

Астана

Астана

27.68°C

Аргентина Англияны жеңіп, футболдан әлем чемпионатының финалына шықты

Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасын жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды.

Аргентина Англияны жеңіп, футболдан әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: getty images

Атлантада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Энцо Фернандес пен Лаутаро Мартинес гол соқты. Лионель Месси екі нәтижелі пас берді. Англия құрамасы сапында Энтони Гордон мергендігімен көзге түсті.

Бұл екі құрама әлем чемпионаттары аясында алтыншы рет кездесті. Енді өзара кездесулердегі есеп 3:3 болып теңесті. Аргентина бұған дейін 1986 және 1998 жылғы әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен.

Финалда әлемнің қазіргі чемпионы әрі Америка кубогының иегері Аргентина Еуропа чемпионатының қазіргі жеңімпазы Испаниямен кездеседі. Матч 19 шілдеде Нью-Йоркте өтеді. Аргентина үш дүркін әлем чемпионы (1978, 1986, 2022).

Бұл – әлем чемпионаты тарихында қазіргі чемпионның алтыншы рет финалға шығуы. Бұған дейін чемпиондық атағын тек Италия (1934, 1938) мен Бразилия (1958, 1962) ғана қорғай алған. Англия құрамасы 18 шілдеде Майамиде үшінші орын үшін өтетін матчта Франциямен кездеседі. Англия өзінің жалғыз әлем чемпиондығы атағын 1966 жылы жеңіп алған.