Прямая трансляция

Астана

Астана

31.32°C

Астанада 34 жыл болмаған аптап ыстық рекорды жаңарды

14 шілдеде Астанада ауа температурасы +38,6°C-қа жетіп, 1992 жылы осы күні тіркелген рекорд жаңарды. Бұл туралы Қазгидромет РМК Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында мәлім етті.

Астанада 34 жыл болмаған аптап ыстық рекорды жаңарды
Ақорда

Қазгидрометтің мәліметінше, бұл — 14 шілде күнгі ауа температурасының жаңа рекорды.

— Қазгидромет бақылау желісінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 14 шілдеде Астанада 14 шілде күнгі ауа температурасының жаңа рекорды тіркелді. Ауаның ең жоғары температурасы +38,6°C-қа жетіп, 1992 жылы тіркелген +35,3°C көрсеткіштен 3,3 градусқа жоғары болды, — делінген кәсіпорынның ресми жауабында.