Прямая трансляция

Астана

Астана

31.21°C

Ақтөбелік жігітке үш күнде 33 айыппұл салынды

Ақтөбе тұрғыны жол қозғалысы ережесін үш күнде 33 рет бұзған, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Ақтөбелік жігітке үш күнде 33 айыппұл салынды
Фото: sputnik.kz

Полицейлердің мәліметінше, 22 жастағы ақтөбелік әкесінің үйде жоқтығын пайдаланып, оның Toyota автокөлігін рұқсатсыз алып кеткен. Кейін көлікке шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, қала көшелерінде жүрген.

"Небәрі үш күннің ішінде жас жүргізуші жол қозғалысы ережесін 33 рет бұзып, 1 миллион 300 мың теңгеден астам сомаға айыппұл "жинаған". Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі белгіленген жылдамдық мөлшерінен асыруға байланысты", - дейді полиция.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айып тұраққа қойылды. Полиция басқа нөмір тағу арқылы жол камераларынан жасырыну мүмкін емес екенін ескертті.