Атырауда қайын жұртының төрт мүшесін өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды paryz.kz.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелінің туыстарын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты резонансты іс бойынша үкім шықты.
Судья Зарема Хамидуллина Сұлтан Сәрсемәлиевті төрт адамнан тұратын отбасын өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін сотта Сұлтан Сәрсемәлиевке төрт адамды ерекше қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол жәбірленушілерге шамамен 60 рет пышақ жарақатын салған.