Прямая трансляция

Астана

Астана

33.29°C

Қазақстанның бірнеше өңірінде 45 градусқа дейін ыстық болады

13 шілдеде бірнеше өңірде 40-45 градус қатты ыстық болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Қазақстанның бірнеше өңірінде 45 градусқа дейін ыстық болады
Фото: istockphoto

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында 35-43 градус қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында 40-45 градус аптап ыстық болжанып отыр.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауады, дауыл болады деп болжанады.

Тек Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдін оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең еліміздің батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.