Прямая трансляция

Астана

Астана

27.93°C

Белгілі қазақ жазушысы әрі журналисі Жұмабек Табынбаев дүниеден өтті

Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі қазақ журналисі әрі жазушысы Жұмабек Табынбаевтың қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады paryz.kz.

Белгілі қазақ жазушысы әрі журналисі Жұмабек Табынбаев дүниеден өтті
Фото: дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның "Ақпарат саласының үздігі" Жұмабек Айдарбекұлы Табынбаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туыстарына, әріптестеріне, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

Жұмабек Айдарбекұлы саналы ғұмырын ел руханияты мен бұқаралық ақпарат саласына арнады. Еңбек жолын 1978 жылы бастап, әр жылдары өңірлік, республикалық басылымдарда абыройлы қызмет атқарды. 

Журналист қана емес, ақын әрі прозашы ретінде де қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның "Өмір – керуен", "Соғыс туралы шындық", "Жадымдасың, жарқын бейне" және басқа да кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Көркем туындылары арқылы ұлттық әдебиет пен публицистиканың дамуына сүбелі үлес қосты.

"Кәсіби біліктілігі, азаматтық ұстанымы, адамгершілік болмысы мен өнегелі ғұмыры әріптестері мен кейінгі буын журналистер үшін әрдайым үлгі болған ардақты азаматтың жарқын бейнесі мен есімі ел жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - делінген министрлік хабарламасында.