Прямая трансляция

Астана

Астана

30.52°C

Үш жылға сотталған экс вице-министр Ерлан Қожағапанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Өткен жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

Үш жылға сотталған экс вице-министр Ерлан Қожағапанов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот шешімі негізінде Ерлан Қожағапановтың өтелмеген жаза бөлігі айыппұл түріндегі жазаға ауыстырылған.

«Жазаны ауыстыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және сот үкімін орындауға қатысты өзге де мәселелер бойынша материалдарды қарау мен шешім қабылдау тек сот органдарының құзыретіне жатады», деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.