Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын тағы тоқтатты, деп хабарлайды paryz.kz әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Air astana Telegram желісіндегі арнасында Дубайға рейстер туралы жаңартылған хабарландыру жариялады. Онда әуе компания Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты БАӘ-ге әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанын мәлім етті.
Xxx"Атап айтқанда, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы - Дубай - Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған КС 205/206 Астана - Дубай - Астана рейстері тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алған жері бойынша толық қайтаруға немесе 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстерден 31 шілдені қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға кеңес берілді. Әуе компания рейстер кестесінде өзгерістер болып жатса ол туралы кейінірек хабарланатынын ескертті. Air Astana жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды қайтару мәселелерін шешіп жатыр.