Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,65 теңгеге түсіп, 451,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 453,93 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында: - доллар 447,02 теңгеден сатып алынады, 454,02 теңгеден сатылады; - еуро: сатып алу - 500,02 теңге, сату - 510,02 теңге; - рубль: сатып алу - 5,15 теңге, сату - 5,35 теңге. - юань: сатып алу - 66,00 теңге, сату - 70,30 теңге.