Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қор нарығында доллар бағамы сәл көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Қор нарығында доллар бағамы сәл көтерілді
Фото: Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге қымбаттап, 538,56 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 538,12 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,01 теңгеден сатып алынады, 540,87 теңгеден сатылады.

Еуро 626,06 – 629,84 теңге, ал рубль 6,57 – 6,68 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,89 теңгеден сатып алынады, 78,36 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында: – доллар 537,40 теңгеден сатып алынады, 543,42 теңгеден сатылады; – еуро: сатып алу - 624,43 теңге, сату - 632,48 теңге; – рубль: сатып алу - 6,57 теңге, сату - 6,72 теңге. – юань: сатып алу - 76,20 теңге, сату - 80,07 теңге.