Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

11 қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы қалпына келеді

Өзбекстан әуе желілері Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіріп отыр.  

11 қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасы қалпына келеді
сурет ҚазАқпараттан алынды

«Ташкент - Алматы - Ташкент» бағытындағы алғашқы рейс 11 қыркүйекке белгіленіп, аптасына бір рет, жұма күні ұшады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Бұдан бөлек, «Uzbekistan Airways» АҚ компаниясы БАӘ, Германия, Қырғызстан және Түркиямен тұрақты әуе қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтіретінін хабарлады. Жоғарыда аталған елдерден Өзбекстанға «Uzbekistan Airways» АК рейстерімен ұшуды жоспарлап отырған жолаушылар рейстің ұшуына дейін 72 сағат жарамды болатын COVID-19 инфекциясына (ПТР әдісімен) тапсырылған тест туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.

Бұдан бөлек, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, БАӘ, Түркия елдерінен тұрақты рейспен ұшып келетін жолаушылардың қолында COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін анықтама болуы керек. Олар термометриядан өтіп, 14 күн өзін-өзі оқшаулауға міндеттейтін анкетаны толтыруы қажет.