Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

«Мен біреудің күзетшісі емеспін»: Данияр Елеусінов күтпеген мәлімдеме жасады

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов әлеуметтік желідегі парақшасында видеоүндеу жариялап, болашаққа қатысты жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мен біреудің күзетшісі емеспін»: Данияр Елеусінов күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Елеусіновтің айтуынша, ол бокс мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр. Данияр соңғы жекпе-жегін былтыр шілде айында АҚШ-та өткізген.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Көпшілік менен қандай мәселелерім барын, жағдайымның қалай екенін сұрап жатыр. Менде бәрі жақсы, бәрі қалыпты. Қазір АҚШ-тамын. Алдағы уақытта боксты жалғастыруды жоспарлап отырмын. Құдай қаласа, мүмкіндік болса, боксымды жалғастырамын. Болмаса, ештеңе етпейді. Өмірде қалағаныма қол жеткіздім, Олимпиада чемпионы атандым.

Маған „Жұмысқа бар“ деп айтады. Иә, мен оған қарсымын деп отырған жоқпын. Бірақ біреуге тәуелді болғым келмейді. Өз пікірім болғанын, менің пікіріммен санасқанын қалаймын. Алайда бұған біздің елде қол жеткізу қиын. Мен біреудің күзетшісі де, біреудің көңілдесі де емеспін.

Мен жай ғана чемпионмын, елдің мақтанымын. Егер мүмкіндік болса, тырысып көремін. Егер менің елім, менің халқым мені қолдаса, жұмыс істеймін, шетелде бар жаңа дүниелерді жасап көремін. Егер маған мүмкіндік берілсе. Міне, осындай жағдай», – деді «Қазақтың найзағайы» Threads желісіндегі парақшасында жариялаған видеосында.