Прямая трансляция

Астана

Астана

26.22°C

Бес қазақстандық балуан Моңғолиядағы рейтингтік турнирде қола медаль үшін күреседі

Бүгін, 5 маусымда жарыс жолына грек-рим және әйелдер күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде бес балуан қола медаль үшін сынға түседі.

Бес қазақстандық балуан Моңғолиядағы рейтингтік турнирде қола медаль үшін күреседі
Фото: ҰОК

Бүгін, 5 маусымда жарыс жолына грек-рим және әйелдер күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде бес балуан қола медаль үшін сынға түседі.

Грек-рим күресінен Еркебұлан Ардақов 63 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Хёнун Чхвемен белдеседі. Ал 130 келіге дейінгі салмақта Олжас Сырлыбай үндістандық Джогиндер Ратхимен қола жүлдені өзара сарапқа салады.

Әйелдер күресінен Марал Тәңірбергенова 50 келіге дейінгі салмақта Ниламмен (Үндістан) өзара мықтыны анықтайды. 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова қола жүлде үшін өтетін белдесуде Даниэль Сью Чинг Лиммен (Сингапур) күреседі. Ал Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Одгэрэл Эрдэнэ-Очирмен күш сынасады.