World Boxing ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Тізімде бес қазақ боксшысы көш бастап тұр, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.
Федерацияның мәліметінше, ерлер арасындағы рейтингте Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай өз салмақтарында бірінші орында тұр. Үздік үштіктен Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов және Нұрбек Оралбай көрінген.
Топ-10 қатарына Ертуған Зейнуллинов, Сұлтанбек Айбарұлы және Сағындық Тоғамбай қосылған. Әйелдер арасында 70 келідегі Наталья Богданова көш бастап тұр.
Өз салмақтарында үздік үштікте Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Надежда Рябец және Дина Исламбекова бар. Топ-10-ға Әйгерім Сәттібаева, Виктория Графеева, Бақыт Сейдіш, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан және Елдана Тәліпова кірген.