Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне барды

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады, деп хабарлайды Paryz.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне барды
Ақорда

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр. 

Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. 

Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.