Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Боксшы Санжар Тәшкенбай нокдаунға түсіп, Азия чемпионатының 1/4 финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Боксшы Санжар Тәшкенбай нокдаунға түсіп, Азия чемпионатының 1/4 финалында жеңіліп қалды
Фото: ҰОК

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында үндістандық Вишванаш Сурешпен кездесті.

Үшінші раундта отандасымыз нокдаунға түсті. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен үндістандық боксшы жеңіске жетті.

Сондай-ақ бүгін, 4 сәуірде Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтаған болатын.