Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Әйелдер теннис қауымдастығының (Women’s Tennis Association - WTA) жаңартылған әлемдік рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Paryz.kz Qazsport-қа сілтеме жасап.

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
Фото: getty images

Телеарна мәліметінше, бұл нәтиже Indian Wells Open (АҚШ) турниріндегі сәтті өнерінің арқасында мүмкін болды.

Аталған WTA 1000 санатындағы жарыста Рыбакина финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоге (Беларусь) жол берді.

Қазіргі уақытта Елена Рыбакинаның еншісінде 7783 ұпай бар. Ал Арина Соболенко 11025 ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орында тұрған Ига Швёнтектің қоржынында 7413 ұпай бар.