Прямая трансляция

Астана

Астана

-21.03°C

Ербол Хамитов Италиядағы Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан спортшысы Ербол Хамитов қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ербол Хамитов Италиядағы Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Ол 1500 м классикалық спринт дисциплинасында 2 минут 29 секунд уақыт ішінде мәре сызығын кесіп өтіп, үшінші орынға ие болған.

«Жарыста бірінші орынды қытайлық Лю Цзысюй, ал екінші орынды бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера иеленді. Аталған дисциплинаның іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары Юрий Березин, Анна Грачова, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль да өнер көрсетті. Алайда олар іріктеу кезеңінен өте алмады», - деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.

Ертең ұлттық құраманың спортшылары осы спорт түрінен 10 км интервалды жарыс бойынша бақ сынайды.