Миландағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында еркін бағдарлама бойынша мәнерлеп сырғанаудан жарыс аяқталды.
Олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина өз бағдарламасында тамаша өнер көрсетіп, 138,99 ұпай жинады.
Екі бағдарламаның жалпы ұпайы бойынша ол 207,46 ұпаймен 10-шы орынға тұрақтады.
Жүлдегерлер: 1-орын. Алиса Лю (АҚШ) - 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
2-орын. Каори Сакамото (Жапония) - 224.90 ұпай
3-орын. Ами Накаи (Жапония) - 219.16 ұпай 10-орын.
Софья Самоделкина - 207.46 ұпай.